ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






21.12.2020
«Жыныстық қолсұғылмаушылық» дәрісі

2020 ж.21 желтоқсанда Петропавл қ. ПБ ЖПҚБ УПИ инспекторы полиция капитаны З. Х. Жакина Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің I курс студенттеріне «Жыныстық қолсұғылмаушылық» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.

Іс-шараға 100 студент қатысты.

19.12.2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған «Мәңгілік» би ансамблі құрамының қатысуымен «Күш - бірлікте!» атты мерекелік онлайн-концер өтті. Ансамбль құрамына дәстүрлі түрде Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері кіреді.

16.12.2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ел бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!» атты концерт ұйымдастырылды. Концертке дәстүрлі түрде Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері кіретін «Мәңгілік» би ансамблі қатысты.

16.12.2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Еркін және гүлденген Қазақстаным

Тәуелсіздік күнін бүгін атап өтеді.

Ол елдер шоқжұлдызындағы жарқын жұлдызым,

Оның жетістіктері жарқырап шыңға жете береді!

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Тәуелсіздік алған сәттен бастап халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен тамаша жалғастырды. Тәуелсіздік жылдары ішінде біздің еліміз бүкіл әлемге танылып, үлкен прогреске қол жеткізді.

Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, амандық және тұрақтылық тілейміз! Сіздің үйіңізде әрдайым бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

15.12.2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-еліміздің маңызды оқиғаларының бірі. Бұл мереке мемлекетіміздің бостандығы мен күшінің символы болып саналады.

Мереке қарсаңында I курс студенттері арасында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан тарихы», «Туған елім – тірегім, өнер білім – бұлағым», «Достық пен татулықтың шаңырағы» атты тақырыптық сынып сағаттары өткізілді, 225 студент қамтылды.

Страница 303 из 460