ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






19.01.2026
«Ситуация T» интерактивті апгрейд

2026 жылғы 19 қаңтарда И.Шухов атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметкері Досщанова Сания Латиеновна Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттеріне арналған «Ситуация T» интерактивті апгрейдін өткізді. Іс-шараның мақсаты – терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу. Апгрейд барысында студенттерге интерактивті ойындар ұсынылып, жағдаяттық тапсырмаларды шешу, тақырыптық бейнематериалды талқылау ұйымдастырылды.

19.01.2026
«Кітап достарды біріктіреді» буккроссингі

2026 жылғы 19 қаңтарда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасы «Оқу колледжі» тұжырымдамасы аясында кітап оқуды сүйетін жандарды «Кітап достарды біріктіреді» буккроссингіне қатысуға шақырады. «Буккроссинг» – бұл кітап алмасуға арналған бүкіләлемдік қозғалыс. Әлемнің түкпір-түкпірінде оқырмандар әдебиеттермен алмаса алатын арнайы нүктелер жұмыс істейді. Қозғалыстың ұраны – «Оқыдың – өзгеге бер». Біздің кітапханада әртүрлі жанрлар мен бағыттағы әдебиеттер қойылған ерекше «кітап орны» – сөре бар. Буккроссингке қатысатын кітаптар кітапхана қорында тіркелмейді, сондай-ақ сіз алған кітаптардың атауы мен саны есепке алынбайды. Әр адам буккроссинг үдерісіне өз үлесін қоса алады – оқып болған кітабын кітапханаға әкеліп, оның осы жерден жаңа оқырмандарын тауып, қызықты сапарын бастауына мүмкіндік бере алады.

17.01.2026
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

2026 жылғы 17 қаңтарда кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК педагогтері Бескөл мектеп-колледжі ұйымдастырған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» қатысты. Іс-шара оқушылар мен олардың ата-аналарын колледжде жүзеге асырылатын мамандықтармен, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім алғаннан кейінгі даму мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталды. Кездесу барысында педагогтер даярлау бағыттары, оқуға қабылдау шарттары мен ережелері, оқу үдерісінің ерекшеліктері және түлектерді жұмысқа орналастыру перспективалары туралы жан-жақты ақпарат берді. Оқушылар мен ата-аналар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алып, бұл олардың болашақ мамандық пен білім беру бағытын саналы түрде таңдауына мүмкіндік береді.

16.01.2026
«Закладчики. Ана…» деректі фильмінің премьерасы

2026 жылғы 16 қаңтарда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Закладчики. Ана…» деректі фильмінің премьерасына қатысты. Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының базасында өткен іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және психоактивті заттарды қолданудың профилактикасы

15.01.2026
Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2026 жылғы 13 және 15 қаңтарда "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК педагогтары Қожаберген жырау атындағы №6 ОМ және № 23 ОМ ата-аналар жиналыстарына кәсіби бағдар бере отырып қатысты. Ата-аналар колледжге түсу туралы сұрақтарға жауап алды, колледжде ұсынылған мамандықтармен танысты.

Страница 30 из 460