2026 жылғы 24 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің бітіруші топтарының студенттері үшін Петропавл қ. әскери комитетінің өкілдерімен диалог алаңы ұйымдастырылды. Спикерлер әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімінің сержант-нұсқаушысы, аға сержант Павел Петрович Керкеснер және ҰҚК ШҚ өкілі болды. Ашық диалог барысында ҚР ҚК әскери қызметке шақыру мәселелері және оны атқару ерекшеліктері, сондай-ақ шекара әскерлеріндегі келісімшарттық қызметтің шарттары мен артықшылықтары қамтылды.
2026 жылғы 24 ақпанда Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі базасында «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 1–3 курс студенттері арасында автослесарьдің колледжішілік кәсіби шеберлік байқауы өтті. Іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлау сапасын арттыруға, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ білім беру үдерісіне цифрлық және зияткерлік технологияларды енгізуге бағытталды. Байқау «Electude» симуляциялық бағдарламалық кешенін қолдану арқылы өткізілді. Сынақ барысында қатысушылар өндірістік ортаға барынша жақын жағдайларда қозғалтқышты басқару жүйесіндегі ақауларды диагностикалау және жою бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: І орын – Ерохин Сергей (ТР-31 тобы), ІІ орын – Молдабеков Тимур (ТР-31 тобы), ІІІ орын – Данилов Данила (ТР-21 тобы) және Мотренко Ярослав (ТР-12 тобы). Жеңімпаздар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды.
Қорған облысында 2026 ж. 16.02-нан 2026 ж. 20.02 аралығында өткен "Кәсіпқойлар" бүкілресейлік кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды. Іс — шара 500 — ден астам қатысушыларды-оқушылар мен колледж студенттерін-еңбек нарығының өзекті талаптарын көрсететін 48 құзыреттілік бойынша жарыстарда біріктірді. Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Қорған облысы Білім және ғылым департаменті жалпы және кәсіптік білім басқармасының бастығы Ирина Захарова құттықтады. Өз сөзінде ол барлық қатысушыларға, тәлімгерлерге, сарапшыларға, серіктестер мен ұйымдастырушыларға жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби жауапкершілігі үшін алғысын білдірді. Чемпионатқа алғаш рет қатысқан Қазақстан Республикасынан келген командаларға — барлық мәлімделген құзыреттерінде табысты өнер көрсеткен және лайықты марапаттарға ие болған студенттер мен олардың тәлімгерлеріне ерекше назар аударылды. Бұл өңірлер арасындағы білім беру ынтымақтастығын нығайтудағы маңызды қадам болды. "Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК студенттері "Кәсіпқойлар" кәсіби шеберлік чемпионатына қатысып, келесі құзыреттер бойынша Солтүстік Қазақстан облысын лайықты таныстырды: «СББ станоктарындағы фрезерлік жұмыстар"(сарапшы-П.В.Сенькин; қатысушы-Василий Шабанов 1 орын алды). "CББ станоктарындағы токарлық жұмыстар" (сарапшы-М.М.Сущик; қатысушы – Бахвалов Данил 3 орын алды). Павел Владимирович Сенькинмен Михаил Михайлович Сущикке 2026 жылы Қорған облысының "Кәсіпқойлар" кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірілді. Жеңімпаздар мен олардың тәлімгерлерін құттықтаймыз! Одан әрі жеңістер тілейміз!
2026 жылғы 20 ақпанда Петропавл машина жасау және көлік колледжі базасында студенттердің полиция қызметкерлерімен кездесуі өтті. Атап айтқанда, Петропавл қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры Д.Д.Алтынбеков және екінші полиция бөлімінің жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Т.Н.Калелов қатысты. 1–4 курс аралығындағы 175 студентке кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді. Негізгі қарастырылған мәселелер – дропперлік пен интернет-алаяқтықтың алдын алу болды. Кездесу барысында цифрлық ортада қауіпсіздікті сақтау бойынша бейнероликтер көрсетілді. Дәріс соңында 3-ші тірек пунктінің УПИ көмекшісі А.С.Тасбулатова студенттерге банктік қарыздар мен микронесиелер алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтініш беруге көмектесті.
2026 жылғы 20 ақпанда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында бітіруші топ студенттерінің Петропавл қаласы төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс тобының офицері — аға лейтенант Т.Б.Сағындыковпен кездесуі өтті. Ашық диалог барысында офицер төтенше жағдайлар органдарының міндеттері мен қызмет бағыттары, азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметтің маңыздылығы, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құтқарушылардың рөлі туралы айтып өтті. Кәсіби даярлық, үміткерлерге қойылатын талаптар және мансаптық өсу мүмкіндіктері мәселелеріне ерекше назар аударылды. Темирхан Бакытжанович өзінің қызметтік тәжірибесімен бөлісіп, кез келген төтенше жағдайда тәртіптің, жауапкершіліктің және көмекке әрдайым дайын болудың маңыздылығын атап өтті.