2021 жылдың 28 қыркүйегінде бірінші курс студенттері үшін «Кибербуллинг» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Негізгі мақсаты білім алушыларды «кибербуллинг» ұғымымен, «кибербуллинг» үшін жауапкершілікпен таныстыру, интернет-қудалаумен соқтығысу жағдайында тиімді мінез-құлық стратегиялары туралы түсініктерді қалыптастыру болды. Балалар сұрақтарға белсенді жауап берді, ситуациялық есептерді шешті. Олар сұрақтарға жауап берді: Бұл не, неге бұл болып жатыр және онымен қалай күресуге болады.
Тұрысова Дания Бейбітқызы – педагог-психолог
2021 жылғы 28 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Student Parliament Club-та Президент сайлауы өтті, ол санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға байланысты онлайн-форматта өткізілді.
Student Parliament Club қызметі негізінен студент жастардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға және бастамаларын қолдауға, олардың азаматтық санасын арттыруға және көшбасшылық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Студенттік өзін-өзі басқару студенттерге жас маманның болашақ мансабына қажетті құзіреттіліктерді жүзеге асыруға ғана емес, сонымен қатар студенттік топты біріктіріп, пікірлестерді табуға көмектеседі.
Сайлау науқанына 7 үміткер (кандидат) қатысты - Герман Виктор, Ларионова Эльвира, Феч Ангелина, Молдабаев Рахат, Пытьев Дмитрий, Үсенов Әділхан, Фирулев Роман. Бұл-белсенді өмірлік ұстанымы бар 1, 2 және 3 курс студенттері. Үміткерлер колледж өмірінің түрлі аспектілерін қамтитын сайлауалды бағдарламаларын ұсынды: оқу тәртібін және студенттердің білім деңгейін арттыру, спорт және салауатты өмір салты, мәдениет және еріктілік. Үгіт-насихат материалдары бас ғимараттың фойесінде, жатақханада, колледж сайтында, әлеуметтік желілер топтарында ақпараттық стендтерде орналастырылды. Дауыс беруге колледж студенттері мен оқытушылары қатысты.
Дауыс беру нәтижесі бойынша жеңіске жетті.
Колледждің жаңа президентін құттықтаймыз!
28 қыркүйекте колледжде Колледж Президентінің сайлауы өтеді Өтінімдер 7 кандидаттан қабылданды – бұл Student Parliament Club қызметіне қатысатын белсенді өмірлік ұстанымы бар студенттер.
Дауыс беруге студенттер мен оқытушылар қатысады.
Колледж президенті болу беделді ғана емес, сонымен бірге өте жауапты!
Колледж-біздің екінші үйіміз. Біз бәріміз, колледж студенттері мен оқытушылары - біртұтас.
2021 жылдың 24 қыркүйегінде 2021-2022 оқу жылында «Полилог» клубының бірінші отырысы өтті. Клуб отырысының тақырыбы: «Студент болу оңай ма?». Бірінші курс студенттері студенттік өмірдің жағымды және жағымсыз жақтарын талқылап, табысты студент болу туралы өз пікірлерін білдірді.
Талқылауға А. Фенинг, С. Загайнова, А. Үсенов, Д. Қазиев, Н. Подлесный, П. Кузьмин, Р. Енборисов және басқалар белсенді қатысты.
21 және 22 қыркүйекте 1-2 курстың оқу топтарында «Тәуелсіз Қазақстан тарихының кезеңдері» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Бұл іс-шара студенттердің бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халқының тарихи өткенін, бүгінін және жарқын болашағын мақтан тұтуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Сынып сағатында балалар Қазақстан тарихы бойынша білімдерін бекітті, студенттердің өз мемлекеті туралы білімдерін кеңейтті және жүйелендірді, Мемлекет тарихы туралы мәселелерде дұрыс бағдарлауды үйренді.
Сарсенов Асланбек Жұмабекұлы – тарих оқытушысы