
2026 жылғы 3 ақпанда «Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК үгіт-насихат бригадасы №27 орта мектеп пен №42 орта мектепке барды. Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарды насихаттау. Кездесу барысында колледжде оқытылатын мамандықтар таныстырылып, оқушылармен қызықты кәсіптік бағдар беру әңгімесі өткізілді. Шара барысында оқушылар колледжге түсу тәртібі мен студенттік өмір туралы өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
.jpeg)
.jpeg)
2026 жылғы 3 ақпанда «Қарасай» стадионында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері арасында конькимен жүгіру спорты бойынша жарыстар өтті. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын және қысқы спорт түрлерін насихаттау, студенттердің физикалық төзімділігін, күшін және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға қызығушылық қалыптастыру. Жігіттер 500 метр қашықтықты, қыздар 250 метр қашықтықты бағындырды. Жүлделі орындар келесідей бөлінді: Жігіттер: I орын – Петрик Ринат, ТР-21 тобы; II орын – Турсунов Максим, В-11 тобы; III орын – Ульянов Владислав, Л-21 тобы. Қыздар: I орын – Еремушкина Анастасия, Д-31 тобы; II орын – Майданова Александра, Д-21 тобы; III орын – Ралло Ангелина, ПО-21 тобы. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер колледжіміздің намысын қорғайтын облыстық «Сұңқар» спартакиадасына іріктелді. Спортшыларымызды құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!
.jpeg)
.jpeg)
2026 жылғы 3 ақпанда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ базасында өткен «Адам саудасы мәселесі: тарихы мен қазіргі заман» атты әңгіме-сұхбатқа қатысты. Іс-шара жастар арасында адам саудасы мен еңбек қанауының қауіптілігі туралы саналы түсінік қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға, өз құқықтарын қорғау жолдары туралы ақпараттандыруға, сондай-ақ қылмыстың бұл түрінің алдын алу және онымен күресу шараларымен таныстыруға бағытталды. Кездесу барысында мамандар адам саудасының және кибералаяқтықтың заманауи түрлері туралы айтып, қауіпті жағдайларды қалай анықтауға және тәуекелдерден қалай сақтануға болатынын түсіндірді. Жеке қауіпсіздік, құқықтық қорғау және көмекке жүгіну алгоритмдеріне ерекше назар аударылды. Әңгіме ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі білікті жауаптар алды.


2026 жылғы 3 ақпанда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасы «Бір ел — бір кітап» акциясына қосылуға шақырады. Акцияның мақсаты — қазақстандық әдебиетті насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерделеуге ықпал ету, жас ұрпақтың зияткерлік және рухани дамуын қолдау, ана тілінің құндылығын нығайту. 2026 жылы республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында Қазақстан бойынша жалпыұлттық оқуға көрнекті қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романы «Тағдыр» («Судьба») таңдалып алынды. Акцияға қосылып, бізбен бірге кітап оқыңыздар! Кітапхана #ОқуКолледжі #Кітап арқылы бірігеміз

2026 жылғы 3 ақпанда Петропавл машина жасау және көлік колледжінде эмоционалдық интеллектті дамытуға, сондай-ақ өз эмоцияларын сезіну, оларды түсіну және басқа адамдардың эмоционалдық күйін ұғыну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған психологиялық тренинг өткізілді. Сабақ барысында студенттермен эмоциялар мен сезімдер ұғымдары, олардың пайда болу себептері, эмоционалдық күйлерді тану тәсілдері, сондай-ақ эмоциялардың мінез-құлыққа, қарым-қатынасқа және шешім қабылдауға әсері талқыланды. Тренинг аясында метафоралық ассоциативті карталармен жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс қатысушылардың өз эмоционалдық күйлерін тереңірек сезініп, түсінуіне, сондай-ақ эмоционалдық сөздік қорын кеңейтуге бағытталды. Сабақтың негізгі бөлігі терапиялық арт-жаттығу болды. Қатысушыларға белгілі бір эмоция беріліп, салынған суреттер шеңбер бойынша бір-біріне беріліп отырды. Әр қатысушы суретке өз қабылдауы мен сезімін білдіретін элементтерді қосты. Бұл жаттығу эмоционалдық сезімталдықты дамытуға, түрлі көзқарастарды қабылдауға және топтық қолдауды сезінуге ықпал етті. Тренинг соңында студенттер өз әсерлері мен түсініктерімен бөлісіп, мұндай жұмыс форматы өзін және өзгелерді жақсырақ түсінуге көмектесетінін, сондай-ақ топта сенімді әрі қауіпсіз атмосфера қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.