2023 жылдың 15 наурызында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында "Оқу колледжі" тұжырымдамасы аясында " Наурыз – қайта өрлеу мерекесі" кітапханалық квест түрінде "Мұра"әдеби клубының отырысы өтті. Мақсаты-жастар арасында кітап пен оқуды насихаттау.
Наурыз-жарқын мереке табиғаттың жандануы мен жаңаруын бейнелейді, Қазақстан халықтарының достығын нығайтады, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді жаңғыртады, уақыт пен ұрпақтың ажырамас байланысын бейнелейді.
"Бүркіт" және "Барс" командалары 4 станциядан тұратын жолды еңсерді: "Тарихтағы есімдер", "Көктем көңіл – күйі ", "Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар", "Сиқырлы қорап". Студенттер тапсырмаларды өте жақсы орындап, сергектік пен жағымды эмоцияларға ие болды, өзіндік ерекшелік пен шығармашылықты көрсетті.
Іс-шара барысында "Жаңару мерекесі" бейнефильмі, "Наурыз"әнінің клипі көрсетілді. Оқу залында "Наурыздың ғасырлық дәстүрлері" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кабденова Г.М - кітапхана меңгерушісі.
2023 жылдың 15 наурызында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің «Sanaly urpaq» заң клубының өкілдері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ дейміз!» атты зияткерлік-танымдық ойыны өткізілді. Құқықтық мәдениетті және заң бұзушылық фактілеріне төзбеушілікті қалыптастыру іскерлік ойынның негізгі міндеттері болды. Шара барысында студенттер түрлі құқықтық жағдайларды қарастырып, себептерін ашып, сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын талдады. Студенттер Лузгин Максим (ЭМО-41), Рахимов Медеу (ЭМО-41), Трофимов Егор (ЭМО-41) және т.б. белсенді қатысты.
Сергеева И.А. - «Sanaly urpaq» заңгерлік клубының жетекшісі
2023 жылдың 15 наурызында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Наурыз мейрамына арналған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға В-21, Т-21, ДМ-41 топ студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан, халықтың материалдық және рухани өмірін бейнелейтін салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы өз білімдерін ортаға салды. Дәстүрлердің бірі өмірлік дағдыларды дамытуға көмектессе, басқалары қасиетті мағынаға ие болды, кейбіреулері қарым-қатынас пен әлеуметтенуді дамыту үшін жасалды, ал бірқатары қазақ халқының мәдениетінің қалыптасуына негіз болды.
Іс-шара барысында слайд таныстырымдары көрсетіліп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының пайда болу тарихы туралы «Қазақ халқының рухани мәдениеті, салт-дәстүрлері», «Загадки происхождения древних казахских обычаев» атты бейнематериалдар талқыланды. Көрермендердің назарына «Шашу» мен «Бата» дәстүрлері ұсынылды. Дөңгелек үстелді қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, Наурыз мейрамы туралы викторина қорытындылады.
Кабденова А.К. - қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы
Жыл сайын 24 наурызда біз дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнін атап өтеміз. Облыста осы күнге арналған айлық өтуде. "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК психологы Дания Турысова "Қызылжар" телеарнасында "Қайырлы таң" бағдарламасына сұхбат берді, онда көрермендерге емделушіге диагнозды қалай қабылдау керектігін және емделуден бас тартпау керектігін, стигмамен қалай күресуге болатынын айтты, себебі бұл тақырып әсіресе жас балалар үшін өзекті. Егерде құрдастары мазақ етсе, не істеу керектігі және онымен қалай күресу керектігі туралы кеңестер берді. Әңгіме соңында Дания Бейбутовна көрермендерге денсаулық пен амандық тіледі.
Шустова Т.А. – директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары
2023 жылдың 15 наурызында "Мархабат" клубының еріктілері "Адон – Север" қоғамының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Наурыз – нұр мен ізгілік мерекесі" интерактивті құттықтауын ұйымдастырып, өткізді.
Студенттер театрландырылған қойылым, концерттік нөмірлер мен спорттық жарыстар дайындап, ұлттық шашу салтын көрсетті.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мереке ұйымдастырған Усенов Адилханға, Бежик Артемге, Подлесный Николайға, Михайлина Любовқа, Савицкая Александраға, Герман Валерияға, Пятьев Дмитрийге, Мор Вадимге, Еваков Евгенийге алғыс айтамыз.
Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор