ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






05.09.2023
"Мағжан Жұмабаев-заманның заңғар тұлғасы" жалпықазақстандық ашық диктант

2023 жылғы 5 қыркүйекте Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 1 және 2 курс студенттерінің, оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің, колледж қызметкерлерінің қатысуымен "Мағжан Жұмабаев –заманның заңғар тұлғасы" диктанты өткізілді. Барлық тілек білдірушілер өз білімдерін тексере алды.

"Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы" диктанты ұлы ақынның әдеби мұрасын оқуға, сақтауға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, эстетикалық талғамын арттыруға бағытталған. Диктант қатысушылары жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты.

Диктант қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгеру және мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру деңгейі айқындалды.

Капасова Майра Исаевна-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

01.09.2023
Білім күні!

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан Республикасының Білім күні мен Конституция күніне арналған бірінші курс студенттеріне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күні 1-4 курс студенттері үшін "еліміздің жарқын болашағы – білімді ұрпақтың қолында"тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырылды. Талқылауға арналған тақырыптар білім алушылардың білімге, еңбексүйгіштік пен патриотизмге, рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытуға, жауапкершілік пен өзара сыйластыққа ұмтылуына бағытталды.

11.08.2023
«ӨЗІҢДІ ТАП – ӨЗЕГІҢЕ ОРАЛ» АТА - АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ФОРУМЫ

2023 жылдың 11 тамызында Астана қаласында "ӨЗІҢДІ ТАП-ӨЗЕГІҢЕ ОРАЛ" дәстүрлі жалпыұлттық форумы өтті. Біздің облыстан келген делегация құрамында "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК студентінің ата-анасы ретінде болу бақытына ие болдым.

Іс-шараны "Сенімен Болашақ" республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қазақстанның Азаматтық альянсымен бірлесіп ұйымдастырды. Қатысушылар бірлестіктің үш өлшемде жүргізген зерттеу нәтижелерімен танысты: саналы ата-ана болу құзыреттілігі, баламен өткізілетін уақыт сапасы, саналы баланы тәрбиелеу және оның өмірге ынталандыру. Осы және басқа да көптеген өзекті мәселелер форум аясында көтерілді.

Родионова В.В.

11.08.2023
өндірістік оқыту шебері қажет

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы, 150011, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Юрий Медведев атындағы к., 1А үй, тел. 8(7152)37-45-86, 8(7152)34-02-74, pkmtcoll@yandex.kz "Теміржолдардың вагондары мен рефрижераторлық жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету" мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері-бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Міндеттері:

1) Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;

2) сабаққа жабдықтар мен тиісті жарақтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;

3) еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, өндірістің заманауи техникасы мен технологиясын меңгеруін, жабдыққа қызмет көрсетуді және пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді;

4) білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;

5) өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, топтағы тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу жөніндегі құжаттаманы жүргізеді;

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттардың міндетті тізбесін жүргізеді;

7) оқу шеберханаларын жабдықтармен және құралдармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

8) Технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;

9) оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені пайдаланады;

10) білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария жөніндегі талаптардың сақталуын бақылайды;

11) қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

Еңбекақы мөлшері мен шарттары: 117508 теңгеден 167414 теңгеге дейін. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және төленеді. Жалақыны төлеу күні еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндерімен сәйкес келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім;

немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандық бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; немесе біліктіліктің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандық бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 14.08 - 2023 жылғы 22 тамызға дейін.

Құжаттар тізімі:

1) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

11) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

04.07.2023
«Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі»
«Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» 11-сынып базасында «Локомотив машинисінің көмекшісі» (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша коммерциялық топқа қабылдауды жариялайды. Оқу мерзімі 10 ай. Бір айлық оқу құны - 30 000 теңге.
Страница 180 из 460