



2023 жылғы 18 қазанда Республика күнін мерекелеу аясында Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде "Біз өмір сүріп жатқан Республика" атты тарихи-танымдық турнир өткізілді. Іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу; өз Отанына, Қазақстандықтардың тарихы мен жетістіктеріне мақтаныш сезімін қалыптастыру; өз отанының тарихына танымдық қызығушылықты дамыту. Турнир барысында балалар елдің басты символына, тарихи күндерге, мемлекеттің маңызды оқиғаларына арналған сұрақтарға жауап берді. Студенттер тарих білімінде белсенді сайысқа түсіп, эрудицияның жоғары деңгейін көрсетті.
Кусаинова А.З.- тарих пәнінің оқытушысы

2023 жылғы 17 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің бітіруші курс студенттері "Еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ өткізетін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен "Метро" МОСО бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Жұмыс берушілердің өкілдері бос жұмыс орындары, жұмыс іздеушілердің мансаптық мүмкіндіктері туралы хабардар етті. Балалар "С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ, "ЗМО" ЖШС, "Мұнаймаш" АҚ зауыттарының өкілдеріне келіп, кәсіби тәжірибеден өту және одан әрі жұмысқа орналасу бойынша сұрақтар қойды. Балаларға зауыт өкілдерімен қарым-қатынас ұнады, болашақ мамандығы бойынша сұрақтар қою қызықты болды. Жәрмеңке еңбек нарығында өздігінен хабардар болуды, кейіннен жұмысқа орналасу арқылы тәжірибеден өту үшін орын таңдауға мүмкіндік береді.
Миролюбова О. П. - өндірістік оқыту шебері

2023 жылғы 16 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің СҚО бойынша аға лейтенанты Ж.Г.Ислямовпен кездесу өтті. Жасулан Галиевич болашақ түлектерге қызметтің артықшылықтары, сондай-ақ құжаттарды қабылдау және ресімдеу шарттары туралы айтып берді.
Чубарова Е. Н. - педагог-ұйымдастырушы


.jpeg)


2023 жылғы 13 қазанда Петропавл Байкен Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында "Оқырман колледжі" тұжырымдамасы аясында Алаш партиясының қайраткерлерін құрметтеуге арналған "Тарихтағы есімдер" атты кітап көрмесі рәсімделді. Мақсаты: мәдени мұра мысалында танымдық қызметті жандандыру, жас ұрпақтың рухани құндылықтарын арттыру, азаматтық ұстанымды, қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру.
Көрмеде "Алаш" қозғалысының өкілдері - озық қазақ зиялыларының тағдырын бейнелейтін кітаптар мен мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар ұсынылған.
Г.М.Кабденова -кітапхана меңгерушісі
.jpeg)



2023 жылдың 12 қазанында Бәйкен Әшіов атындағы Петрпавл машина жасау және көлік колледжінде 2- ші қалалық емхананың акушері Дауренбекова Мадина Дауытқызы «Жасөспірімдердің репродуктивтік және жыныстық денсаулығын сақтау» тақырыбында 1-2 курс студенттерімен дәріс өткізді. Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, ерте жыныстық қатынастың салдарымен таныстыру, ерте жүктіліктің алдын алу. Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығына әсер ететін факторлар, жыныстық өмірдің ерте басталуы бірқатар мәселелерді тудыратыны туралы кең түсінік берілді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Мустафина С.Р. - әлеуметтік педагог