ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






05.09.2024
Эссе «Мәңгілік ел– мәңгілік тіл» байқауы

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 05.09.2024 ж. 1 курс студенттер арасында 3 тілде «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» эссе байқауы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: студенттердің тілге деген қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуметін дамыту.Көптеген студенттер тіл – Отанның, ана мен әкенің, ата-бабаның символы екенін атап өтті. Тіл өз халқының мәдениетін сақтайды және оның халқының өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетеді. Студенттер өз шығармаларында әр адамның өміріндегі ана тілінің алатын орны туралы жазды. Олар өз шаңырағын, ошақтың жылуын бейнелейтін ана тілін мақтан тұтады. Көпшілік қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде Қазақстан дамыған сайын бүкіл әлемге танымал болады деп санайды. Байқау орыс тілін, Қазақстан тарихын жақсы меңгергенін, студенттердің өз ойын әдемі, сауатты жеткізе алатынын көрсетті. Ағылшын тілінің халықаралық тіл екенін жастар түсінеді. Ағылшын тілін білу қарым-қатынас тәсілі ретінде ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мәдениеттерді түсіну тәсілі ретінде де маңызды. Байқау студенттердің дайындық деңгейін, сондай-ақ осы іс-шараның ұйымдастырылуын және қатысушылардың 3 тілді білуге деген ұмтылысын көрсетті. Әр адам өзінің мәдениеті, салт-дәстүрі, халқы, тілі бар екенін бағалайды деп сенгім келеді.

«Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» эссе байқауының қорытындысы бойынша ТМ-11 Швалюк Максим 1 орын, Антонов Данил СР-11 2 орын, Кайп Эдуард ЭМ-11 3 орынға иеленді.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Садыкова Даметкен Турсынбаевна

05.09.2024
Құқықтық тәртіп Республикалық жедел профилактикалық іс-шаралары

2024 жылғы 5 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің "Мархабат" еріктілер клубының белсенділері Петропавл станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп "Құқықтық тәртіп" Республикалық жедел алдын алу іс-шараларына қатысты.

Акция қаланың теміржол вокзалы аумағында және әуежайда өтті. Еріктілер халықты қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы хабардар етті, көліктегі қауіпсіздік техникасы және нашақорлықтың алдын алу бойынша көрнекі материалдар таратты.

Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

05.09.2024
«Ана тілің – арың бұл» кураторлық сағаты

2024 жылдың 5 қыркүйегінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілің – арың бұл» атты кураторлық сағаты өткізілді. Мақсаты: Студенттерді мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.

Кураторлық сағаты Д-11 тобында өтті. Топ «Мәңгілік» және «Самға» болып 2 командаға бөлінді. Сайыс «Сәлем – сөздің атасы», «Жедел жауап», «Бәйге», «Кім жылдам», «Мақал – сөз мәйегі» атты бес кезеңнен тұрды. Команда мүшелері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін көрсетіп, әр кезеңде тапсырмаларды орындауда тапқырлық пен зеректік танытып, жауаптарын қазақ халықтарының салт-дәстүрлері туралы қызықты мәліметтермен толықтырды.

Белсенді қатысушыларға сыйлық етіп кітаптар таратылды. Байқау бейнематериалмен және презентациямен сүйемелденді.

Оспанова А.С. - қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы

05.09.2024
Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған Тіл-ұлттың күші лингвистикалық турнирі

2024 жылдың 5 қыркүйегінде И.Шухов атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері С.Л.Дощанова мен Л.Б.Бримова Байкен Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінің студенттері үшін Қазақстан халқы тілдері күніне арналған "Тіл – ұлттың күші" лингвистикалық турнирін өткізді.

Іс-шарада ағартушы, педагог, публицист, түркітанушы, саяси қайраткер және лингвист Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы мен шығармашылығына басты назар аударылды.

Сонымен қатар студенттер түрлі халықтардың мақал мәтелдерін білуге арналған викторина мен интерактивті ойындарға қатысты.

Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

05.09.2024
Тіл - татулық тірегі викторинасы

Жыл сайын көрнекті лингвист және ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні, 5 қыркүйекте Қазақстанда Қазақстан халқының Тілдер күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің ТМ-11 тобының студенттері "тіл - татулық тірегі" викторинасына қатысты. "Lakers" және "Kings" командалары Қазақстан Республикасы мен Ұлыбританияның мәдениеті мен дәстүрлері туралы сұрақтарға жауап берді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуде сайысқа түсті. Нәтижесінде "Lakers" 32:27 есебімен жеңіске жетті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және тілдерді үйренуде табыс тілейміз!

Абдулхаимова И.С. – ағылшын тілі оқытушысы

Страница 123 из 460